Бозымбаев Қаламқастағы өрт жайында: Басты мәселе жалынды тоқтату болып тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қаламқас» мұнай-газ кен орнындағы өртке қатысы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нашар цементтелген немесе каротаж жұмыстарын нашар жүргізуі мүмкін. Қазір ең басты мәселе - оны қалай тоқтатуда болып тұр. Бірінші орынбасарым (бірінші вице-министр Махамбет Досмұхамбетов - авт) сол жақта, оқиға орнында. Ол жұмыс жасап жатыр. Бүгін сол жерде штаб қандай да бір негізгі шешім қабылдайтын болады. Видеода газ, га-су қоспасы жанып жатыр. Зардап шеккендер жоқ, ол жерде кәсіби мұнайшылар жұмыс істейді. Елді мекен алшақ орналасқан. Мұнан үлкен трагедия жасаудың қажеті жоқ. Мән-жайды анықтаймыз, кінәліні анықтаймыз. Олар шығынды өтейтін болады», - деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 25 наурыз күні сағат 07-10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-тың «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінен шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы туралы хабарлама түскен. Өрт аумағы 900 шаршы метрді құраған.

Оның алдында, 13 наурызында Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай болған еді. Аталған факті бойынша Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы батыс өңіраралық басқармасы мен Маңғыстау облыстық экология департаменті «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ-ға қатысты тексеру тағайындаған.

Соңғы жаңалықтар