Бойжеткеннің өліміне кінәлі автобус жүргізуші сотта жауап береді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген №126 бағдарлы автобусының жүргізушісі сот алдында жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Әуезов аудандық сотына 3 мамырда түскен. Сот отырысы 29 мамырда сағат 12.00-де Әуезов аудандық сотында өтеді.

Жүргізушіге ҚР КК 345-бабы 3-бөлімі бойынша айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 18 сәуірде Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, 126 бағдарлы автобус Төле би көшесімен шығысқа қарай шеткі жолмен келе жатқан.  Бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтай бастағанда келіп тоқтаған автобус жол шетінде тұрған 24 жастағы қызды оң жақ бүйірімен іліп кеткен. Соққыдан қыз біршама жерге ұшып түсіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар