Бойжеткеннің мазасын алған Петропавл тұрғыны қамауға алынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 25 жастағы бойжеткенге бұрынғы жігіті тыныштық бермеген. Сот оны бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына 25 жастағы бойжеткен жүгінген. Ол – жалғызбасты ана. Айтуынша, бұрынғы жігіті 13 шілдеге қараған түні пәтерінің әйнегін сындырып, үйге заңсыз басып кірген, жанжал шығарған.

Жігіттің қыздың мазасын алып, соңына түскеніне біраз уақыт болыпты.

Құқық бұзушы - 24 жастағы қала тұрғыны бұрын сотты болған екен. Оған «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша материал жиналды. Сәуір айында жігіт аталған бап бойынша басқа бір қыздың ізіне түскені үшін жауапқа тартылған.

«Сот құқық бұзушы жыл өтпей қылмысты қайталағаны үшін 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. Бұдан бөлек, пәтерге заңсыз басып кiру фактісі «Тұрғын жайға қолсұғылмаушылықты бұзу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.


Соңғы жаңалықтар