Бойжеткенді зорлаған екі жолсеріктің ісі: Сот кейінге шегерілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсерікке қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға өткен жылдың күзінде болған. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова Facebook парақшасында жазды.

«26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында бойжеткен «Тальго» пойызының купесіне отырады. Купе ішінде отырған ер адамды көреді. Заттарын қойып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келеді. Купеге оралғанда купе ішінде арнайы форма кимеген жолсерік отырады. Ол әуелгі кірген ер адамды басқа купеге ауыстырып жібергенін айтады. Қыз ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктен купеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік тек жарты сағаттан соң шығып кеткен. Алайда таңғы сағат 04:00 шамасында жолсерік бойжеткен жатқан купеге өз кілті арқылы ашып кіреді. Мұнан соң жолсерік жымысқы іс-әрекетін жүзеге асырады. Ізінше екінші жолсерік те келіп, бойжеткенді зорлаған», – деп жазды Дина Смаилова.

Осы оқиғадан кейін бойжеткен күйзеліске түскен. Қылмыстық іс түрлі сараптамалардың қорытындысы бойынша дәлелденген. Бойжеткен психологтың қабылдауына тұрақты барып тұрады.

Ал бұрынғы жолсеріктер Қолқанат Құлманиязов пен Жетес Үмбетәлиевке қатысты сот отырысы 26 шілдеге шегерілді.

Соңғы жаңалықтар