Бойжеткенді көлігімен қағып, мерт қылған «Мерседес» жүргізушісі кепілмен босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алатау аудандық соты бойжеткенді көлігімен қағып, мерт қылған «Мерседес» жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл беруді үкім етті.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 25 қазанда Момышұлы көшесінде сағат түнгі 23 шамасында болған. Жол ортасындағы жолақта тұрған қызды «Мерседес» көлігі қағып кеткен. Соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен қыз қарама-қарсы беттегі көліктің астына түседі. Ол сол жерде жантәсілім етті. Ал кінәлі жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан.

ІІД қызметкерлерінің хабарлауынша, оны ұстау бірнеше сағатқа созылды. Күдікті 21 жасар Алматы тұрғыны болып шықты. Қазір көлік процессуалды тәртіпте айып тұрағына қойылды.

Қалалық ІІД анықтау бөлімінің басшысы, полиция майоры Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, қазір көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 296 - 297-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша қамау оқшаулағышына қамалды.

«Бүгін Алатау аудандық соты айыптыны кепілмен босату туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, оған ҚР ҚК 119 бабы (қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша да қылмыстық іс қозғалды», - деді Рустам Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар