Бойжеткенді көлігімен қағып, мерт қылған іздеудегі алматылық ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолдан өтпек болған жас қызды қағып өлтірген «Мерседес» көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға 25 қазанда Момышұлы көшесінде сағат түнгі 23 шамасында болған. Жол ортасындағы жолақта тұрған қызды «Мерседес» көлігі қағып кеткен. Соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен қыз қарама-қарсы беттегі көліктің астына түседі. Ол сол жерде жан тәсілім етті. Ал кінәлі жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. «Іздеу шаралары бірнеше сағатқа созылды. Жаңа технологиялар пайдаланылды. Ол 21 жасар Алматы тұрғыны болып шықты. Қазір көлік процессуалды тәртіпте айып тұрағына қойылды», - деді қалалық ІІД анықтау бөлімінің басшысы, полиция майоры Рустам Әбдірахманов. Оның айтуынша, қазір көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 296 - 297-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар