+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісі кінәсін мойындады

2018 жылғы 29 мамыр 15:22
Бөлісіңіз:
Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісі кінәсін мойындады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуезов аудандық сотында бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорғаушының айтуынша, автобус жүргізушісі өз кінәсін толық мойындады.

«Жүргізуші кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда біз жапа шеккен тараппен келісіп, барлық шығынды өтедік. Енді сотталушыны бас бостандығынан айырмауды өтінеміз», - деді қорғаушы Әлім Мұстапаев.

Сот процесіне қатысқан қыздың туыстары марқұмның Балаларды бейімдеу орталығында психолог болып жұмыс жасағанын айтты.

«Ол жұмысына 10 минутта баратын. Яғни, ол бағдаршамның қызыл түсіне өтуі мүмкін емес», - деді марқұмның туыстары.

Жол апаты биыл 18 сәуір күні Сайран вокзалының маңында болған еді. 24 жастағы бойжеткенді №126 автобус жүргізушісі тура қиылыста қағып кеткен. Соққыдан қыз біршама жерге ұшып түсіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT