BoxRec үздік қазақстандық боксшылар рейтингісін жаңартты
2022 жылғы 1 мамыр 14:32

BoxRec үздік қазақстандық боксшылар рейтингісін жаңартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингіде қайтадан көш бастады. Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше екінші орынға түсті. Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов келді.

BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) — 684.7

2. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 30.81

3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.58

4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 13.59

5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.51

6. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.07

7. Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) — 11.96

8. Али Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.69

9. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 9.655

10. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 8.247.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT