Ботай мәдениетін жаңғыртуға ресейлік мамандар атсалыспақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай курортында Ботай мәдениеті мұржайын жаңғырту туралы ресейлік мамандармен келісім жасалды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Игалиев өзінің Фейсбук парақшасында айтты, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Челябі қаласында Ресей мен Қазақстанның өңіраралық форумы өтуде.  Форумда Ақмола мен Челябі облыстары арасында екіжақты ынтымақтастық мәселелері сөз болуда. Әсіресе туризмді дамытуға көп көңіл бөлінуде. Осы орайда, Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Игалиев Бурабай курортында Ботай мәдениеті мұржайын жаңғырту туралы ресейлік мамандармен келісім жасалғанын атап өтті.
null 

Оған қоса, аталған форумда «Челябинск-Көкшетау», «Түмен-Көкшетау», «Омбы-Көкшетау», «Екатеринбург-Көкшетау» тура әуежолын ашу сөз болды. Осы мақсатта Көкшетау әуежайының басшылығы ресейлік әріптестерімен келісім жасауды жоспарлап отыр.

«Көкшетаудан Ресей қалаларына әуе жолы арқылы тікелей қатынау. Екіжаққа да тиімді болатыны сөзсіз. Бұл өз кезегінде өңірде туристік кластерді дамытып қана қойма, іскерлік туризмді дамытуға, шекарадағы өңірлердің бір-бірімен байланысын нығайтуға септігін тигізетін болады», ақмолалық делегация мүшесі өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Қайрат Сұлтанов. Сонымен қатар, ол балалар туризмін дамыту қажеттігіне тоқталды. Мәселен, жаңа жылдық каникул кезінде 2 мың бала Көкшетау лагерлерінде демалатын болады.

Айта кетейік, Ботай мәдениетін жаңғырту туралы жақында аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің тарих ғалымдарының докторы, ХХ-шы ғасырдың жаңалығы-Ботай мəдениетін ашқан Виктор Зайберт жəне «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұхановпен кездесуінде де айтылды.

Кездесуде «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы шеңберінде әріптестік мәселелері талқыланған еді. Осы орайда, Ақмола облысы әкімдігі мен ғалымдар бірлесіп, Бурабайда Ботай мəдениетін жаңғыртуды жоспарлап отыр. Енді оған ресейлік мамандар да атсалыспақ ойда.

Соңғы жаңалықтар