«Ботай» қонысында ашық аспан астындағы музей салынады - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Ботай» қонысында ашық аспан астындағы музей салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің айтуынша, бірер жылда «Ботай» ашық аспан астындағы музей қосылуы мүмкін. Қазір бұл мәселе жоғары деңгейде шешіліп жатыр.null

Солтүстік Қазақстан облысында туристік маусым ашылды. Шалқар-Имантау курорттық аймағындағы 38 туристік база демалушыларды қабылдауға әзір.

Шалқар-Имантау курорттық аймағы Қазақстанның басымдық берілген туристік аумағының ондығына енген. Былтыр осы аймақтағы демалыс базаларын жаңартуға 411 млн теңге бөлініп, 10 жоба жүзеге асырыла бастады. Олардың жетеуінде құрылыс жұмыстары аяқталған.null

«Шалқар-Имантау курорттық аймағы облыстың туристік орталығына айналады. Туристік саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында біз бұл жақтың жолдарын жөндеп, инфрақұрылым тартамыз. Жыл бойы демалуға болатын жаңа демалыс орындары салынады. Қазірдің өзінде айтарлықтай жұмыс жасалды», - дейді облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.

Жақында ашылған демалыс орындарының бірі - «Изумрудное». Жыл бойы жұмыс істейді. Коттедж үйлерге қазірдің өзінде сұраныс жоғары. «Шалқар су» шипажайын күрделі жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді. 200 орындық демалыс орнында жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталмақшы.

Айыртау ауданы - табиғаты әсем, әрі мәдени мол мұрасы бар. Туристік маусымның ашылу салтанатына келгендер демалыс орындарымен ғана танысып қоймай, мұндағы тарихи-мәдени нысандармен танысуға да мүмкіндік алды. «Айғаным қонысы» музей кешенінде, Қарасай-Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенінде болды.

Соңғы жаңалықтар