Бостандық ауданының тұрғындарына 13 101 400 теңге айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әкімшілік құқықбұзушылық жасаған Бостандық ауданының тұрғындарына жыл басынан бері 13 101 400 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Бостандық аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Айтжан Әлмұхамбетов.

Оның айтуынша, биылғы үш айда аудандық инспекторлар 296 қылмыстың ашылуын қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 22,3%-ға артық.

Жасөспірімдер полициясы 25 қылмыстың ашылуына көмектесті.

«Үш айда аудандық полиция 5 мың 255 әкімшілік құқықбұзушылық дерегін тіркеді. Салынған айыппұл көлемі 13 млн 101 мың 400 теңге болды. Оның 9 млн 182 мыңы төленді. Қоршаған ортаны қорғау полициясының қатысуымен 927 құқықбұзушылық анықталды. 23 заңды, 904 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды», - деді полковник Әлмұхамбетов.

Оның айтуынша, Бостандық ауданында жаңа учаскелік пункт құрылды. Аталған пункт «Шахристан» тұрғын үйінің астыңғы қабатында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар