Босния мен Герцеговина төрағасы дипломатиялық қатынастар тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желка Цвиянович әлемдегі геосаяси жағдай туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мультилатерализм функциясын қарастыруымыз керек. Бұл елдердің өзара сыйластық қағидаттарына сүйене отырып жұмыс істеуі үшін көпполярлы тепе-теңдікті қажет етеді. Ол қазіргіден де жоғары деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Әлемде кең әрі әмбебап ынтымақтастық платформаларын пайдалануға қайта оралу керек. Осы орайда БҰҰ жаһандық платформа бола отырып, өз миссиясы мен негізгі функцияларын іске асыру барысында белгілі бір қиындықтарға тап болды», - деді Желка Цвиянович Астана халықаралық форумында.

Оның айтуынша, бүгінде жаһандық саясатқа ортақ құрылым қажет.

«Қауымдастық қиындықтарды шешу жолында тым бөлектеніп кеткен. Осы орайда біз бірлесіп, жаһандық саясатты қалыптастыруда ортақ құрылым құруымыз керек. Қазір халықаралық қатынастар әскериленіп кеткен. Осы орайда дипломатиялық қатынастар мен диалог тұжырымдамасын қайта қарау қажет. Жекелеген елдер өз мүддесі үшін аймақтық құрылымдарды теріс жағдайда пайдаланбауы керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар