Босқындар құқықтарын сақтау Қазақстанның ұлттық саясатындағы басымдықтардың бірі - А. Судьин

None
None
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутерришпен кездесті. Жоғарғы комиссар Қазақстанға Алматыда өтетін Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон мәселелері жөніндегі Аймақтық министрліктер конференциясына қатысуға келген болатын. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында тараптар көші-қон үдерістеріндегі халықаралық тәжірибеге және осы саладағы еліміздегі жұмыстарға сәйкес құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелерін талқылады.

«Адам, оның ішінде босқындар мен көшіп-қонушылар құқықтарын сақтау біздің ұлттық саясатымыздағы басымдықтардың бірі болып табылады. Бұл үшін еліміздің ұлттық заңнамасын босқындар құқықтарын реттеу, пана беру және көші-қонды басқару жөніндегі халықаралық құқық ережелеріне сәйкес келтіру саласында белсенді жұмыстар жүргізілді», - деп атап өтті А.Судьин. Сонымен қатар, Төраға орынбасары БҰҰ Босқындар ісі жоғарғы комиссарының басқарма Өкілдігіне тиісті заң жобаларын талқылау үдерістерінде қазақстандық мемлекеттік органдарға берілген көмегі үшін ризашылығын білдірді. Вице-спикер осы сала бойынша мемлекеттік саясат пен халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық тетіктерді жетілдіру жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек, тараптар реттелмеген көші-қонды бақылауда, шекараны күзету және терроризм қаупіне қарсы іс-қимылда, оның ішінде тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Қазақстан заңсыз көші-қон, адам саудасы және ұйымдасқан қылмыс секілді қатерлермен күресте көрші елдермен аймақтық ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Осыған байланысты Орталық Азия аймағындағы құқық қорғау органдары мен шекара қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуда Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар өкілдігімен ынтымақтастықты маңызды деп санаймыз», - деп атап өтті А.Судьин.

Соңғы жаңалықтар