Борышкердің міндеттемелері бойынша мүлкін кепілге қойғандар үшін қандай қауіп бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Fingramota Online» қосымшасына желтоқсан айында жиі келіп түскен сұрақтардың арасында қарыз бойынша кепіл мүлкін берушілер қандай жағдайларға тап болуы мүмкіндігі сұралған. Осы орайда fingramota.kz сайтында бұл сұрақтарға берілген жауап ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Туысқаным бизнес ашып, қарыз бойынша мені кепіл мүлкін беруші болуды сұрайды. Бұл маған қандай қауіп төндіреді?» - деген сауал жиі қойылған екен.

Мамандардың жауабына сүйенсек, егер өз мүлкіңізді борышкердің міндеттемелері бойынша кепіл ретінде қоюға кепілдік берсеңіз, онда тиісті ықтимал тәуекелдерге тап болуы мүмкіндігі бар.

Осы орайда:

- Кепіл тоқтатылғанға дейін сіз өз мүлкіңізді басқара алмайсыз;

- Егер сіз кепіл мүлкін беруші ретінде әрекет ететін борышкер банк алдындағы міндеттемені орындамаса немесе тиісті тәртіпте орындамаса, онда банк кепілге салынған мүлікті өндіріп алуға құқылы;

- Борышкер қайтыс болған жағдайда, қарыз туралы мәселе оның мұрагері шешкенге дейін қалады және сақталады;

- Борышкер кепіл берушіні кредитті ресімдеу үшін өзінің жеке басының мақсатына пайдаланып, кейіннен кредитті төлеу бойынша міндеттемеден қашуы мүмкін.

«Кепіл беруші, егер ол борышкердің міндеттемелері бойынша өз мүлкімен жауап беруге келіссе, онда оның кепілге салынған мүлкі борышкердің банк алдындағы төлем қабілеттілігіне және адалдығына байланысты болатынын есте сақтауы қажет. Көп жағдайларда борышкер қарызды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындамай, қарызды төлеу бойынша толық немесе ішінара жауап беретін кепіл берушінің бар екенін біле отырып, кредитордан қашқақтауы мүмкін», - делінген fingramota.kz мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар