Борыш даулары неге сотта қаралмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұсақ қаржы даулары неге сотта қаралмайды? Бұл сұраққа «Хабар» телеарнасындағы «Ұлт мүддесі» бағдарламасында ҚР Жоғарғы сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржылық дауларды, әсіресе микрокредиттік ұйымдар мен борышкерлер арасындағы дауларды шешу мәселесі өте өткір тұр. Жоғарғы сот бұл сот процестерінен бас тартып, барлығын нотариустарға берген деген ақпарат бар. Ұсақ қаржылық даулар сотта қаралмайды? Борышкерлер – тұрмысы төмен санатқа жатады емес пе», - деп сұрады бағдарлама жүргізушісі.

«Бұл сұраққа қысқаша жауап беруге болады. Адам келісімшартқа қол қойған кезде неге келісім беріп жатқанын қарауы керек. Әрине, бұл мәселеде көптеген аспектілер бар. Біреу бастапқыда қарызын өтегісі келмей, созып жүріп қалады. Енді біреулер бірдеңе етіп төлермін деген үміт жетегінде шешім қабылдайды. Шын мәнінде, бұл мәселелер сот қарауынан шығарылғанынан біршама уақыт болды. Өйткені шағын қарыз фактісі – даусыз факт. Сондықтан, мұнда нотариустар өзінің атқару парағын шығаруға құқылы. Бір жағынан, бұл мәселені тез шешуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, соттар салық төлеушілердің уақыты мен ақшасы жұмсалатын мыңдаған осындай даусыз талаптардан босатылады», – деді Жоғарғы сот өкілі.

Оның айтуынша, бұл сот борышкерлердің мүддесін қорғаудан бас тартады дегенді білдірмейді. Егер адам атқару парағымен келіспесе, сотқа жүігне алады.

«Бұл сот жүйесін реформалау үшін жасалып жатқан мәселе. Біз судьялардың шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүр екенін айттық. Бұл да жүктелімді азайту механизмдерінің бірі. Сондықтан біз оны нотариусқа бердік. Жалпы, сотқа жүгіну жолдарын жабатындай механизмдер жоқ», - деді Қанат Мусин.

Соңғы жаңалықтар