+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Бортында 38 адам бар Чили әскери ұшағы жоғалып кетті

2019 жылғы 10 желтоқсан 11:37
Бөлісіңіз:
Бортында 38 адам бар Чили әскери ұшағы жоғалып кетті

САНТЬЯГО. ҚазАқпарат – Бортында 38 адам болған Чили әскери әуе күштерінің ұшағы Антарктидаға бара жатқан жолда жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Аустралияда өртті өшірмек болған ұшақ апатқа ұшырады Индонезиядағы кеме апаты: 10 адам жоғалып кетті Қытайда Интерполдың бұрынғы төрағасы сотталды

C-130 Hercules ұшағы Пунта-Аренасадан жергілікті уақытпен 16:55-де ұшып кеткен. Чили әскери әуе күштерінің мәліметінше, борт дүйсенбі күні жергілікті уақытпен 18:00-ден кейін байланысқа шықпай қалған.

Із-түзсіз жоғалғандар арасында экипаждың 17 мүшесі мен 21 жолаушы бар. Чили әскери әуе күштері іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатқанын мәлім етті. F-16 екі жойғышы мен төрт кеме ұшақты іздеуге жіберілді.

Чили ӘӘК генералы Эдуардо Москейра жергілікті БАҚ-қа ұшақтың апат сигналын қоспағанын хабарлады. Оның айтуынша, әскери ұшақ ұшқышының тәжірибесі мол, ол отын қоры таусылғаннан кейін жерге қонуға мәжбүр болуы мүмкін.

Чили президенті Себастьян Пиньера Twitter-дегі ресми аккаунтында ұшақтың жоғалып кеткеніне «алаңдап», ел астанасы Сантьягодағы жағдайды бақылап отырғанын жазды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT