+7 (701) 759 90 19
USD 415.57 EUR 505.37
RUB 5.65 CNY 64.47
Jańalyqtar

Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді

2021 жылғы 15 қаңтар 20:33
Бөлісіңіз:
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұшақ бортында темекі шеккен тәртіп бұзушы «Алматы-Нұр-Сұлтан» әуе рейсінен шығарылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда әуежайы көлік тұрағындағы «жаңа» тарифтерге қатысты түсінік берді Қазақстаннан БАӘ мен Түркияға авиарейстер саны артты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына жоспарлы инспекция жүргізуде

«14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Air Astana» АҚ өкілінен «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсінің бортында құқық бұзушы бар екені туралы хабарлама келіп түсті», - деп атап өтті көліктегі полиция департаменті басшысының орынбасары Абзал Жұматаев.

«Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ бортында электронды темекі шеккен 23 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Жоғарыда аталған әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушы рейстен шығарылды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-тармағы (әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын және (немесе) электронды темекіні тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салды», - деді полиция полковнигі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT