Боранқұл кен орнында өртенген жатақханада 10 адам болған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Боранқұл кен орнында өртенген жатақханада 10 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. 2 адам ауруханаға түсті. Қалған 6 адам өзге жатақханаға көшірілген.

Қазір уақытта өрт сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Боранқұл кен орнындағы жатақханадан шыққан өрттен екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Оқыс оқиға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнындағы екі қабатты жатақханада болған.



Соңғы жаңалықтар