Боранға байланысты ШҚО аумағындағы республикалық жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы боранға байланысты сағат 13:00-ден бастап бірқатар республикалық жолдар жабылды.

 Бұл жайында «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.


Атап айтқанда, «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымында, "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" жолының 105-123 шақырымы, "Семей-РФ шекарасы" автожолының 2-113 шақырымы, сондай-ақ "Семей-Қайнар" автожолындағы 8-284 шақырымында барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұдан бөлек, ҚР ТЖМ мәліметі бойынша бүгін сағат 14:00-де «Өскемен-Зырян» жолының 58-65 шақырымы аралығында қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар атқарылғаннан кейін, «Қазақавтожол» РМК-ның аталған өңірдегі филиалының техникалары жолды қардан тазалау шаларын іске асырады. Автожол қардан толық тазартылған соң көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар