Боранға байланысты республикалық жолдардың учаскелері жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түстен кейін боранға байланысты республикалық жолдардың екі учаскесінде жолдар жабылды.

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, «Қызылорда-Павлодар» жолының 970-1135 шақырымындағы Қарағанды қаласы мен Павлодар облысы шекарасы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Бұдан бөлек, Павлодар облысы аумығындағы ауа-райына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 156-205 шықырымындағы Ерейментау мен Павлодар облысының учаскесінде жол жабылды.

Соңғы жаңалықтар