Боранға байланысты елордадан шығатын жолдар жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының күрт нашарлауына байланысты, атап айтқанда боран, көрінудің шектелуі салдарынан елордадан шығатын (Нұр-Сұлтан-Павлодар бағыттарынан басқа) барлық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Қазгидрометтің мәліметінше, 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрып, бұрқасын соғады.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауға және қырағы болуға, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді. Трассаларды жабу туралы ақпаратты «112» қызметі СМС хабарламалар арқылы SmartAstana қосымшасында, сондай-ақ «12-Nur-

Sultan» Телеграмм-арнасында жібереді.


Соңғы жаңалықтар