Боранға байланысты екі жолда көлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты еліміздің аумағындағы екі жолда көлік қозғалысы шектелді.

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, бүгін Жамбыл облысы аумағындағы «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 528-593 шақырымындағы Айша бибі - Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді.

Бұдан бөлек, «Үшарал - Достық» автожолының Көктума - Достық учаскесінің 83-184 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін жол жабық тұр. Бұл шектеу 29 қарашада енгізілген болатын

Соңғы жаңалықтар