Боранға байланысты «Атырау-Орал» бағытындағы жол жабылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Боранға байланысты «Атырау–Орал» бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарлы боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.

«Жол қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының шешіміне сәйкес 22 ақпанда сағат 21:00-ден бастап республикалық «Атырау-Орал» бағытындағы жол жабылды. Сондай-ақ, «Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу» және облыстық «Атырау-Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар