Боранда жолда қалған 78 адам құтқарылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында боранда жол бойында қалған 24 техника мен 78 адам құтқарылды.Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Өткен тәулікте болған қатты жел мен бұрқасын салдарынан облыстағы аумағындағы автокөлік жолдарында қар құрсауында қалған 24 техника мен 78 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 жолаушылар автобусы мен 3 бала бар. Апаттық-құтқару жұмыстарының жедел әрі сапалы ұйымдастырылуының нәтижесінде адам шығыны болған жоқ», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар