USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Боранда көліктерге жол көрсетіп жүгірген қостанайлық полицей марапатталды

2021 жылғы 24 ақпан 16:48
Бөлісіңіз:
Боранда көліктерге жол көрсетіп жүгірген қостанайлық полицей марапатталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысының полиция департаменті боранды күні көліктерге жол көрсеткен полицей Амантай Байжановты марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 23 үйге ұрлыққа түскен қылмыстық топ мүшелері сотталды Ақмолалық тұрғын ұрланған жылқыны үйінде жасырған СҚО тұрғындары бір күнде интернет-алаяқтарға 5 млн теңгелерін беріп қойған

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев айтқандай, тәртіп сақшысының әрекеті қоғамдық пікір тудырды.

«Елдің жылы пікірлері әлеуметтік желілерде жарияланды. Халық полицейге ризашылығын әлі де білдіріп жатыр. Бұл жас мамандарға үлгі боларлық іс», - деп атап өтті ол.

Ардақ Ынтықбаев Амантай Байжановқа марапат қағазы мен Елтаңба бейнеленген қолсағат тапсырды.

Айта кетейік, боранды күні полицей Амантай Байжанов көліктердің, автотізбектің алдына шығып алып, қалаға баратын жолды көрсету үшін жүгіріп отырған.

Желі қолданушылары да арнайы видео жазып, әлеуметтік желіде жариялаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT