USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Боранда адасып, төрт тәулік далада түнеген екі ақмолалық аман табылды

2022 жылғы 14 қаңтар 19:10
Бөлісіңіз:
Боранда адасып, төрт тәулік далада түнеген екі ақмолалық аман табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Боранда адасып, төрт тәулік бойы далада түнеген Ақмола облысының екі тұрғыны аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысына «Спутник Лайт» вакцинасының 4 000 дозасы түсті Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды Ақмола облысында 17,5 мың студент бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім алуда

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы 7 қаңтарда Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарласып, екі жұмысшының далада жоғалып кеткенін айтты.

Шаруа қожалығы басшысының сөзінше, 4 қаңтар күні екі жұмысшы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қарда жүретін көлікпен жылқы іздеуге шыққан. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласының, екіншісі Целиноград ауданының тұрғыны.

«Жедел іздестіру барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері капитан Арман Маминов пен майор Рүстем Садықов Шортанды ауданының Ключи ауылынан 20 шақырым жерден жоғалған адамдарды тапты. Анықталғандай, жұмысшылар қарда жүретін көлігі жолда істен шыққан соң, жаяу тартқан. Ақтүтек боранда олар балықшылардың күркесіне кезігіп, сонда көмек келгенше төрт тәулік түнеп шыққан», - деді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT