Боранда адасып кеткен жамбылдықтар аман-есен табылды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында боранда адасып кеткен үш тұрғын аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 қараша күні Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментіне Жуалы ауданы Шымбұлақ ауылының үш тұрғыны (екеуі 1974 жылғы және біреуі 1983 жылғы) сағат 18:05-те ауылдан 15 км қашықтықта тау бөктеріндегі аумақтан трактормен мақсары шабуға шығып, күн райының қолайсыздығынан адасып кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

Жоғалған адамдарды іздестіруге төрт өрт сөндіруші-құтқарушы, учаскелік полиция және жергілікті тұрғын жол талғамайтын «ТРЕКОЛ» көлігімен шықты. Қараңғы түсіп, боран басталып кеткендіктен, іздестіру жұмыстары келесі күнге шегерілді.

16 қараша күні таңертең іздестіру жұмыстары қайта басталып, сағат 10:35-те жоғалған адамдар Шымбұлақ ауылынан 40 шақырым қашықтықта табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.


Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар