Боран: Шығыс Қазақстандағы Ресеймен шекарадағы жол жабылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Ресеймен шекарадағы жолда көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты өңірдегі тасжолдардың бірі жабылды.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 105-123 шақырымында (Шемонаиха қаласы мен Ресей Федерациясы шекарасының аралығы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар