Боран: ШҚО құтқарушылары тұрғындарға көмекке келуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылары тұрғындарға көмекке келуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Тройницкое ауылында ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған. Алайда боран соғып, осы бағыттағы жолдар жабылып қалғандықтан дәрігерлер сол жаққа жете алмады.

«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын «Трекол» техникасымен оқиға орнына шықты. Көрші Каменка ауылында қан қысымы жоғарылап кеткен қарт әйел де дәрігерлерді шақыртқан. Құтқарушылар ер адам мен әйелді Таврия ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізді», делінген ақпаратта.

Көкпекті ауданы Шұбарқайың ауылының маңындағы тасжолда 1 көлік қар құрсауында қалған. Жүргізуші құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады. Оқиға орнына келіп жеткен 51-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көлікті шығарып, жақын маңдағы ауылға жеткізді.


Соңғы жаңалықтар