Боран: ШҚО-да бірнеше бағыттағы жол жабылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында бірнеше жол көліктің барлық түрі үшін жабық тұр.

«Ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қалың қар жауып, боран соғуына байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» тасжолының 0-124 шақырымында (Қалжыр мен Марқакөл ауылдарының аралығы), облыстық маңыздағы «Алтай-Чапаево» тасжолының 0-36 шақырымында көлік қозғалысына толықтай тыйым салынған», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына алыс жолға шығар алдында барынша абай болуға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде бірден «112» телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.

Соңғы жаңалықтар