Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Боран салдарынан «Үшарал-Достық» күре жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казахавтодор« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 24 қаңтары сағат 15:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) «Үшарал - Достық« республикалық маңызы бар автожолында (0-84 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
ТЖД өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
- Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
- Жел, көктайғақ, тұман: 27 ақпанға арналған ауа райы болжамы
- Түркістан әуежайының аумағына 140 мың көшет егілді
- Түркістан қаласы әуежайынан жақында алғашқы халықаралық рейстер орындала бастайды
-
Семейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттағы өрт 17 сағаттан кейін сөндірілді
-
Ауа райы: Қазақстанның 7 облысында ескерту жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам