Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Үшарал-Достық бағытында қатты боран салдарынан жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 16:00-ден бастап 84-ші шақырымнан 184-і километрге дейінгі аралығында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс тоқтады. Бұл жердегі желдің жылдамдығы 24 м/с. Өңір тұрғындарына жолға шықпау туралы СМС хабарлама жіберілді. Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алдағы күндері өзендерде сең жиналып, су деңгейі көтерілуі мүмкін деп ескертеді.

Соңғы жаңалықтар