Боран салдарынан Ақтөбе облысы өңіріндегі автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы бірқатар республикалық жолдар жабық. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Кешеден бері  «Самара-Шымкент» автожолының 773-965 шақырымындағы  Белогорка-Қарабұтақ елді мекені аралығында, «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-345 шақырымындағы Қандыағаш-Ырғыз учаскесі, сондай-ақ  «Ақтөбе-Орск» жолының 16-135 шақырымындағы Пригородный-Ресей шекарасы аралығында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді.

Ал бүгін сағат 01:00 кезінде боранға байланысты жабылған «Ақтөбе-Астрахан» жолының 11-330 шақырымындағы Ақтөбе-Атырау облысы шекарасы аралығы сағат 11:00-ден бастап ашылды.

Соңғы жаңалықтар