Боран салдарынан 7 автобус, 45 КамАЗ, 30 жеңіл көлік жолда қалды - ШҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Боран салдарынан Шығыс Қазақстан облысының аумағында 7 автобус, 45 КамАЗ, 30 жеңіл көлік пен 8 Газель жолда қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"20 қаңтар күні таңертеңгі 03-50-ден бастап қатты боран салдарынан Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында "Алматы-Өскемен" республикалық маңызы бар жолдың 681 шақырымында автокөліктердің кептелісі орын алды. Кептелісте шамамен 420 адамы бар 7 автобус, 45 КамАЗ, 30 жеңіл көлік және 8 Газель тұр", - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, жағдайды байқау және адамдарды қауіпсіз жерге шығару үшін Төтенше жағдайлар комитетінің өңірлік департаментінен құтқарушылар жіберілген. Алайда адамдар көліктерін тастап кетуден бас тартқан.

"Автожолды тазалау жұмысына "Қазақавтожол" компаниясының 4 техникасы жұмылдырылды. Қар басқан жол 3 шақырымды құрайды. Бұл бағыттағы жолда сағат 12-00-ден бері көлік қозғалысына шектеу қойылған. Таскескен ауылында Үржар аудандық әкімдігіне қарасты Мәдениет үйінде жылыну пункті ұйымдастырылған", - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар