Боран мен аязда жолда қалып қойған көлік жүргізушілері не істеуі керек

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жыл сайын қысқы мерзімде халық тек төмен температураның әсерінен ғана емес, сондай-ақ қар басу, боран, көктайғақ сияқты табиғат құбылыстарынан да зардап шегеді. Қолайсыз жағдайдың құрбаны болмас үшін кейбір ауа райы факторлары пайда болғанда не істеу керектігін білу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖ департаменті ауа райының бұзылатыны туралы облыс тұрғындарын уақытылы құлақтандырғанына қарамастан, аймақта оқыс жайттар тіркеліп отыр.

«Біздің облыстың климаты күрт континентті және жылдың қыс мезгілінде ауа температурасы құбылуы мүмкін, олар қатты қар жауумен және дауылды желмен ере келеді, сол үшін автокөлік жолдарын жиі қар басып қалады. Жылдың бұл мезгілінде жүргізушілерге аса абай болып, сақтық таныту қажет. Қауіпсіздік шараларын және қыс жағдайларында өзін-өзі құтқару ережелерін білмесең, бұл әртүрлі төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін. Қыс мезгілінде жолға шығар алдында барлығын егжей-тегжейіне дейін мұқият жоспарлап және ойластырып алыңыз», - деп ескертеді ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар хабарлағандай, автокөлік иелері ауа райының өзгерістерін бақылауға тырысып, метеорологиялық мәліметтерді тыңдау қажет. Сондай-ақ, мамандар жүргізшулерге жолда барынша абай болуға кеңес береді.

«Қатты боранда тоқтап қалған жағдайда көлікті кері бағытқа, яғни желге қарсы бұрып қойыңыз. Жүргізушіге автокөліктен мезгіл сайын шығып қар тазартуға, газ шығаратын түтік қармен жабылып қалмауын қадағалап, жанар-жағар майды үнемдеп, мезгіл сайын автокөлікті жылытқан жөн. Қозғалтқышты үнемі іске қосылып тұрған қалыпта ұстап тұрудың қажеті жоқ. Салонда минималды қолайлы температураны ұстап тұру жеткілікті. Машинада жылу сақталуы үшін өзіңізбен бірге отын құйылған қосымша канистраны ала жүріңіз. Бос жүрістегі заманауи қозғалтқыш шамамен сағатына 1.5 л тұтынады. Осылайша, 20 л шамамен 12-13 жұмыс сағатына жетеді, мотор әр сағат сайын 15 минуттан жүмыс істейтіндігін ескере отырып, сіз 50 сағатқа жуық уақыт аласыз, ол уақыт ішінде қозғалтқыш салонды жылытып тұрады», - деп кеңес береді мамандар.

Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар