Боран күндері «Астана Тазалықтың» 400-500 жұмысшысы қалаға жете алмай қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боран күндері «Астана Тазалықтың» 400-500 жұмысшысы қалаға жете алмай қаған. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана Тазалық» ЖШС-да жұмыс істеп жатқаныма 14 жыл болды. Біз қалаға 90-100 шақырымдық алыс ауылдардан келеміз. Таңғы 03:00-те оянамын, күн батқанша жұмыс істейміз. Бірақ үйге келгенде «Астана Тазалық» жұмыс істемейді» деген жаңалық естіп отырамыз. Бізге техника бөліп жатқандарыңызға рахмет, бірақ бізде жұмыс істейтін адам аз. Біз жалақымызды маңдай терімізбен алып отырмыз. Өзім әйел басыммен ер адамдармен бірге қар тазалап, қар күреп жүремін», - деді «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшысы Татьяна Николаевна.

Қала әкімі боранды күндері «Астана Тазалықтың» 400-500 адамы қалаға жете алмай қалғанын айтты.

«Сіздерге берілетін сыйақыны көбейтеміз. Жалақы мөлшері де биыл қаңтар айында көтерілді. Шынымен де бұл адамдардың жұмысы оңай емес. Жақында боран болған күндері жолдар жабылып қалып, жұмысқа ауылдан келетін «Астана Тазалықтың» 400-500 жұмысшысы қалаға жете алмай қалды. Сол кезде бізде қиындық туындады, сондықтан олардың жұмысын бағалайық», - деді Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар