Боран, қар, тұман: 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 4 желтоқсан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста, орталықта, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады.

Ал Қазақстанның батыс аумағы антициклон ықпалында болады. Соның салдарынан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын соғады.

Батыста, оңтүстікте, орталықта және таулы аймақтарда тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар