«Бонн шақыруы» жаһандық бастамасы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 2018 жылы қосылған «Бонн шақыруы» жаһандық бастамасы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді . Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«NurOtan» партиясының жаңа сайлауалды бағдарламасына сәйкес экология, табиғат ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және оларды тиімді пайдалану мәселелеріне зор көңіл бөлінеді. Келесі бес жылда 2 млрд ағаш отырғызу міндеті белгіленген. Парламентке өсімдіктер дүниесінің объектілерін сақтау және ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі заң жобасы енгізілетін болады. Ол ағаш көшеттері мен жалпы жасыл екпелерді пайдалану кезінде қатынастарды реттеуге және де заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған», - дейді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

Ол Алматыда ағаштар заңсыз кесілген резонанстық жағдай бәріміздің есімізде екенін айтты.

«Оның үстіне, мұндай жағдайлар туралы барлық дерлік өңірлерде белсенділер, волонтерлер көтереді. Дәл осыған байланысты Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге шұғыл тәртіппен түзетулер әзірленді, бұл түзетулер бойынша осындай құқық бұзушылықтарға қатысты жазалау қатаңдатылады. Кесілген ағаштардың орнына қайтадан ағаш отырғызу нормаларын да ұлғайту жоспарланған. Қолда бар өсімдіктер дүниесін сақтап, орман қорына және елді мекендерде бес жылға арналған жоспарларға сәйкес ағаш отырғызу көлемін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл Қазақстан 2018 жылы қосылған «Бонн шақыруы» жаһандық бастамасының аясында орман-тоғайлы аумақтарды көбейтуге, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар