«Бомбаға» байланысты Ақмола облыстық прокуратурасының қызметкерлері эвакуацияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында прокуратура ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған мәлімет берген күдікті іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің дерегі бойынша, 13 маусымда кезекшілік бөлімге қоңырау шалынып, Ақмола облыстық прокуратурасының ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы айтылған.

«Оқиға орнына полиция наряды барып, ғимаратты айнала қоршауға алды және прокуратура қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарды. Іздестіру шаралары барысында жарылғыш зат табылған жоқ», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде полиция қызметкерлері тарапынан жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған мәлімет берген күдіктіні анықтап, ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар