Бомба бар делінген Павлодар мектебінен 1 мыңнан астам оқушы эвакуацияланды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін тағы да Павлодарда жарылғыш зат салынғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін төтенше жағдай қызметіне «Академик Шөкин көшесі, 27 үй мекенжайында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде террористер бар» деген қоңырау түскен.

Оқиға орнынан 1048 оқушы мен 83 қызметкер эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ.

Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша іс қозғалған.

Еске сала кетейік, кеше де Павлодарда әлдекім «Катаев көшесіндегі 21-үйді жарып жібереміз» деп хабарлаған болатын.

Ол «террористі» полиция қызметкерлері ұстаған.

Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.


Соңғы жаңалықтар