Боливияның 1,7 млн гектар жері өртенді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Боливия жерінің 1,7 миллион гектары қызыл жалынға оранып, жасыл ормандар күлге айналды, деп хабарлайды CNN.
Өрт шыққан жердің бәрі ну орман, әлі меңгеріліп үлгермеген жабайы табиғат аясы – Амазонканың бір бөлшегі еді.
Боливиялық Санта-Крус аймағының веб-сайтында өрттен кейін ішетін су, жейтін тамақ іздеп жүрген жан-жануарлардың суреттері көрсетілген. Қоршаған ортаны қорғау министрі Синтия Асин «ұлттық апатты жағдай» орын алғанын айтып, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрінен айырылып қалатын болдық деп, дабыл қағуда. Министрдің айтуынша, мыңдаған өрт сөндіру қызметкері, орман күзетшілері, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер өртпен күресу үстінде. Алайда, қызыл жалынның жаңа ошақтары күнде анықталып, толастар емес.
Боливия президенті Эво Моралес екі аптаға созылып жатқан осы өрттің кесірінен 2 адам қаза тапқанын айтты.
Бұл мемлекетке көрші елдер де қолұшын созған. Аргентина, Перу, АҚШ өрт сөндіру құралдары мен тікұшақтарын, өрт сөндірушілерін жедел жөнелткен. Алайда, тамыз айының аяғында басталған өрт толық сөндірілген жоқ.
Айта кетерлігі, Амазонка ну ормандарына 8 оңтүстік америкалық мемлекет ие. Ормандардың басым бөлігі Бразилияның еншісінде.
- Оралда бір кесек қар баланың үстіне құлады
- Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
- Бір жылда автобус жүргізушілерінің кінәсінен 29 адам мерт болды
- COVID-19-ға қарсы вакцина: Әлемдегі жағдай қандай
-
Демалыс күндері 64 адам қар құрсауынан құтқарылды - ТЖМ
-
Өткен жылы 26 мыңға жуық жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам