Боливиядағы ұшақ апаты: Ешкім тірі қалмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливияның Лос-Рейес қаласынан әуеге көтерілген жолаушылар ұшағы Сан-Борха елді мекенінде апатқа ұшырады.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, әуе кемесінің апатқа ұшырауына алапат күшпен соққан желдің салдарынан экипаждың ұшақты басқара алмай қалуы себеп болған. Ұшақ жерге құлаған сәтте жарылып кеткен, деп хабарлайды ТАСС.

Ұшақ бортында болған төрт адамның төртеуі де ажал құшты.


Фото: Handout / Reuters

Соңғы жаңалықтар