Боливияда ұшақтың құлауынан төрт адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливияда жеңіл моторлы ұшақтың құлауы салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билік көздеріне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Әуе апаты Бени департаментінің астанасы Тринидад қаласынан бес шақырым жерде болды. Әуе кемесінің ұшқышы, бір әскери қызметкер және жергілікті сайлау комиссиясының екі қызметкері қаза тапты.

Апаттың себептері анықталу үстінде. Қолда бар ақпарат бойынша, ұшақ құлаған сәтте жаңбыр жауып тұрған әрі қалың тұман болған.

Соңғы жаңалықтар