Боливияда маймыл шешегін жұқтырудың 15 жағдайы расталған
2022 жылғы 16 тамыз 09:39

Боливияда маймыл шешегін жұқтырудың 15 жағдайы расталған

СУКРЕ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні елдің денсаулық сақтау және спорт министрі Джейсон Ауза Боливияда маймыл шешегін жұқтырудың 15 жағдайы расталғанын мәлім етті. Олардың барлығы елдің шығысындағы Санта-Крус қаласынан анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат News CN-ге сілтеме жасап.

Ауру жұқтырғандардың барлығы – 22 мен 43 жас аралығындағы ер адамдар. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Елде ауру жұтыруы мүмкін деген 71 болжамды жағдай тіркелді, оның 15-і расталды. Ауруға шалдыққан науқастармен тікелей байланыста болған 30 адам бақылауда.

Биліктің мәліметінше, Санта-Круста инфекция жұқтырудың 11 жағдайы тіркелген, ал үш науқас Бразилиядан және біреуі Чилиден келген.

Боливияда маймыл шешегі ауруының көбеюіне байланысты инфекцияның кеңінен таралуына жол бермес үшін эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Фото: Reuters





Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT