+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Боливияда денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады

2021 жылғы 10 қазан 11:19
Бөлісіңіз:
Боливияда денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады

БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат – Боливия Әуе-қорғаныс күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, алты адам мерт болды. Оның бортында денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері болған. Бұл туралы сенбі күні ел президенті Луис Арсе мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирус вакцинасы тіркелді Румен Радев Болгарияның президенті болып қайта сайланды Болгарияда туристер автобусы апатқа ұшырап, 45 адам қаза тапты

«Бізді алты адам мерт болған Пандодағы әуе апаты шошытты. Жауапты органдарға әуе апатының себебін анықтауды тапсырдық», - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.

Сондай-ақ, ол қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында ведомствоның және Ұлттық денсаулық сақтау зертханасы институтының төрт маманы болған. Олар денге және чикунгунья ауруымен күресуді зерттеумен айналысқан. Оқиға кезінде екі ұшқыш да қаза тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Риберальта қаласынан ұшқаннан кейін апатқа ұшыраған. Мамандар Кобиха қаласына жетіп, әрі қарай коммерциялық рейспен басқа елді мекенге ұшуы тиіс еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT