Боливияда автобустардың соқтығысуынан 17 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливияның батысында екі шағын автобустың соқтығысуынан 17 адам қаза тапқан. Бұл туралы сенбі күні кешкісін Deber газеті жазды.

Басылымның хабарлауынша, зардап шеккендердің саны 10-нан асады. Жол апаты құрбандарының арасында сәби де бар.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, жан түршігерлік апатқа жүргізушілердің бірі жылдамдықты арттырып, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткені себеп болған.

Соңғы жаңалықтар