Боливияда автобус шыңырауға құлап, 11 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Боливия Ла-Пастан Каранавиге бара жатқан автобус аударылды. Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған, деп хабарлайды ABI агенттігі полицияға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түнде болған. Тау етегін баурайлап өткен жолдағы автобус 100 метрдей биіктіктен шыңырауға құлаған. Жол апатына не себеп болғаны әзірге белгілі емес.

Айта кетейік, Боливияда жиі жол апаты болады. Соның көбі таулы өңірлерден өткен кезде орын алады.

Соңғы жаңалықтар