Боливия президентінің тікұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Боливия президенті Эво Моралес мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы елдің әскери-әуе күштері Тwitter-де ресми мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боливия Республикасы ӘӘК-нің мәлімдеуінше, оқыс оқиға 4 қараша күні болған. Ешкім зардап шекпеген. Президентті Колькириден Оруроға апара жатқан тікұшақтан ақау табылған.

25 қазан күні Боливияның Жоғары сайлау соты президент сайлауында Моралес жеңіп шыққанын жариялады. Дауыс беру қорытындылары оппозицияның қатаң сынына ұшыраған еді. Тіпті сайлауды бақылап отырған өзге Америка елдері де бұған наразылық танытқан.

Дауыстарды санау кезінде Боливияның бірнеше қаласында ереуілдер болып, арты тәртіпсіздікке ұласты. Наразы жұрт сайлау сотының жер-жердегі бөлімшелерін өртеп те жіберді.

Ал Моралес бұл оқиғаны мемлекеттік төңкеріс жасаудың амалы деп бағалады.

Соңғы жаңалықтар