+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылау мен мониторинг күшейтіледі - Мәжіліс

2021 жылғы 21 сәуір 09:43
Бөлісіңіз:
Бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылау мен мониторинг күшейтіледі - Мәжіліс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
VIP-нөмірден бюджетке түсуі тиіс ақша қайда – Жамаубаев жауабы Жамаубаев: Бюджетті жоспарлауда электронды жүйенің екінші кезеңі енгізіледі Жекешелендіру: Мемлекеттің экономикадағы үлесі 15 пайызға дейін қысқарды

Заң жобасы Парламенттің, Есеп комитетінің, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстарын іске асыруға бағытталған.

Құжат Бюджет кодексіне тиісті бағыттар бойынша түзетулерді көздейді, яғни бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы талдамалық есепті қалыптастыру ескерілген.

«Бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы есепті жыл сайын Парламентке республикалық бюджеттің жобасымен енгізу ұсынылады. Құжатта мемлекеттік қаржы жағдайына әсер ететін макроэкономикалық, демографиялық, қаржылық және басқа да тәуекелдердің талдауы қамтылатын болады. Осындай құжатты қалыптастыру бюджеттік тәуекелдерді тиімді басқаруға және оларды бюджеттік шешімдер қабылдау кезінде ескеруге мүмкіндік береді», - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев.

Оның айтуынша, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру аясында жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең аз көлемде белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер қаражатын басқа шығыстарға қайта бөлу мүмкіндігін беру ұсынылып отыр.

«Стратегиялық жоспарларды сапалы жоспарлау және орындау мақсатында, бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда, жыл соңында республикалық бюджетке кері қайтаруына байланысты, төртінші тоқсанда стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторларын өзгертуге тыйым салынады», - деп түсіндірді министр.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шаралары аясында бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылау мен мониторингті күшейту мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды қаржылай және қаржылай емес қолдау операторларына, сондай-ақ қарыз алуға мемлекет кепілдік берген квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қазынашылықта шоттар ашу көзделіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT