Бөлім басшысының қымбат көлігінен 1,7 млн теңге пара табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты аймақтық бөлім басшысы парамен ұсталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, күні кеше ғана Ақтөбе облысында Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің маманы парамен ұсталды.

"Қаржы саласындағы қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім басшысы Мерей парақорлық бойынша әшкереленді. Ол газ компаниясының директорынан заңсыз кәсіпкерлік туралы сотқа дейінгі тергеуді тоқтатқаны үшін 1,7 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікпен ұсталып отыр. Қазіргі кезде Мерей Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Соңғы жаңалықтар